Өндірісте қызметкерді қалай қорғауға болады және айыппұлдан қалай құтылуға болады?

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңға сәйкес (2005 жылдың 1 шілдесінен енгізілді) барлық кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметкерлерін жұмыста мүмкін болатын жазатайым оқиғалардан сақтандыруы міндетті.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың мақсаты - сақтандыру төлемдерін орындау арқылы өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына залал келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

ҚЖОМС шартын жасасудан бас тарту келесі мөлшердегі айыппұлға әкеп соғады:
• 10 АЕК – жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге;
• 160 АЕК – лауазымды тұлғаларға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына,
кіші кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға;
• 400 АЕК – орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
• 1000 АЕК – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне.

Қандай тәуекелдер өтеледі:
• қызметкердің өлімі;
• қызметкерде 30%-100% кәсіби еңбекке жарамдылығынан айырылуға (КЕА) әкелген еңбек жарақаты;
• қызметкерде 30%-100% КЕА әкелген кәсіби ауру.

Шарттың әрекетету мерзімі:
• 12 ай;
• маусымдық жұмыстар мерзіміне (расталған жағдайда).
Сақтандыру арқылы қорғаудың әрекеті - ҚР ЕК 186 б. 2 т. сәйкес, еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезеңінде.

Сақтандыру сомасы:
Кем дегенде бір еңбекақының жылдық қоры (ЕАЖҚ).
ЕАЖҚ = барлық қызметкерлердің ЕАЖҚ сомасы (12 х әр қызметкердің ЕА (10 ЕТЖ).

Сақтандыру тарифі:
• ҚЖОМС Заңымен бекітілді;
• кәсіптік тәуекелдің сыныбына (КТС) байланысты.

Кәсіптік тәуекелдің сыныбы:
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 30 маусымындағы № 652 «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызу Ережелерін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген:
• Сақтанушы қызметінің негізгі түріне байланысты;
• егер экономлық қызметтің бірнеше түрі болса, кәсіптік тәуекелдің ең жоғарғы сыныбына сәйкес келетін қызмет түріне гатады.
• Егер Сақтанушының ГО басқа қызметті жүзеге асыратын филиалы/дары болса, онда олфилдың/дардың кәсіптік тәуекел сыныбына сәйкес келетін экономикилық қызмет түріне жатқызылады.

Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде орын алған жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тарифтері, кәуекелінің сынытерыбына сәланметыбайланметы, экономика қанғырлы:

Кәсіби  тәуекел  

сыныбы

Сақтандыру 

тарифі

1

0,12%

2

0,29%

3

0,48%

4

0,49%

5

0,52%

6

0,53%

7

0,54%

8

0,65%

9

0,56%

10

0,88%

11

0,75%

12

0,76%

13

1,29%

14

1,55%

15

1,13%

16

1,17%

17

1,21%

18

2,43%

19

1,75%

20

2,05%

21

2,54%

22

2,96%

 


Жиі қойылатын сұрақтар

Өндірісте қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде шегерім болады ма?

Түзету коэффиценті деген түсінік бар. Мысалы, соңғы 5 жыл ішінде залалдар болмаса, төмендету коэффиценті (шегерім) болады.
Көтерілу коэффициенті шығындар болған кезде болады (ҚЖОМС Заңымен анықталған).

Сақтандыру сыйлықақысы неге тәуелді болады?

Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасына, сақтандыру мөлшерлемесіне және түзету коэффициентін қолдануға тәуелді болады. Минималды сақтандыру сыйлықақысы бір минималды жалақыдан кем емес мөлшерде анықталады.

Қызметкерді міндетті сақтандыру қандай жағдайда әрекет етеді?

Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда.

Сақтандыруға кімнің құқығы бар?

Кез-келген қызметкердің сақтандыруға құқығы бар. Бұл қызмет саласына және аясына тәуелді емес. Жұмыс беруші металлургті де, кеншіні де, менеджерді де, сатушыны да сақтандыруы керек. Бірыңғай жағдай - қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңмен сақтандыруы реттелмеген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері.

Кәсіптік тәуекел сыныбы дегеніміз не?

Кәсіптік тәуекел сыныбы - бұл экономикалық қызметтің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру деңгейі

Төлем кезінде бөліп төлеу қызметі бар ма?

Сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және мерзімде бірден төлеу немесе бөліп төлеу арқылы сақтанушымен іске асырылады. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында басқасы көзделмесе, онда кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.