Аннуитет дегеніміз не?

«Қызметкер өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қызметкердің кәсіби қабілеттілігін жоғалту дәрежесі анықталған немесе ұзартылған (қайта куәландыру) жағдайда немесе оның қайтыс болуына байланысты жұмыс беруші қызметкердің немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.

Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердің немесе қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мөлшерде және мерзімде табыс алуын қамтамасыз ететін шарттарда жасалады. Аннуитет сақтандыру оқиғасы осы шарттың әрекет етуі мерзімінде болған, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасаған сақтандырушымен жасалады.

Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі
Қызметкердің кәсіби қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеуге байланысты жалақысын (табысын) жоғалтуымен байланысты залалды өтеу ретінде қызметкерге төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемі аннуитет шартына сәйкес сақтандырушымен жүзеге асырылады.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді төлеу тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Сақтандыру төлемінің мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттігін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді шегергенде жүзеге асырылады.
Сақтандыру компаниясы денсаулыққа зиян келтіргендіктен және медициналық қызметтер мен олардың құнын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде қосымша медициналық шығындар бойынша төлемдерді орындайды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдікті көлеміне кіретін шығындар өтелмейді.

Аннуитет шартының мерзімі – кәсіби еңбек қабілеттігін жоғалту мерзімі (кәсіби еңбек қабілеттігін жоғалтуды қайта куәландыру мерзімі), бірақ қызметкердің зейнет жасына жету мерзімінен аспайды.


Жиі қойылатын сұрақтар

Қызметкер төлемді қанша уақыттан кейін алады?

Сақтандыру төлемдері аннуитет шарты негізінде орындалады. Аннуитет шарты заңнамамен талап етілетін барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады. Бұл жағдайда алғашқы сақтандыру төлемін сақтандырушы жеті жұмыс күні ішінде жасайды.
Денсаулыққа залал келтірілгеннен туындаған қосымша шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін сақтандырушы заңнамада белгіленген көлем шектерінде, қызметкер немесе осы шығыстарды көтерген тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде төлейді.

Аннуитеттік төлемдер қаншалықты ұзақ төленеді?

Егер қызметкер бір жыл немесе одан да көп мерзімге еңбекке жарамсыз болса, онда аннуитеттік төлемдер оның мүгедектігі расталатын уақытқа дейін жасалады, бірақ зейнеткерлік жастан астырмай. Бір жылдан кем мерзімге еңбек қабілеттігін жоғалтқан жағдайда, сақтандыру компаниясы осы кезең ішінде ай сайын төлейді.

Аннуитет шарты қай кезең ішінде жасалады?

Аннуитет шарты құжаттар тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.